ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

KZ

Осы арқылы мен келесі мекен-жай бойынша орналасқан: 050008, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 52 үй, 802-15 кеңсе, «Додо Казахстан» ЖШС-не (бұдан әрі – Компания), сондай-ақ Компаниямен тиісті келісімдер, келісімшарттар жасасқан кез-келген басқа компанияларға және үшінші тұлғаларға ұсынылуы мүмкін дербес деректерімді келесідей мақсаттарда жинауға, өңдеуге, сақтауға сөзсіз келесімімді беремін:

1. өтініштер мен өтінімдерді өңдеу;

2. өнімді жеткізу;

3. кері байланыс үшін сервистік хабарламалар мен хабарландырулар жіберу;

4. телефон арқылы тапсырыс беру және сауалнама толтыру арқылы қызмет көрсету деңгейін бағалау;

5. электрондық пошта/e-mail, SMS-хабарламалар, push-хабарландыруларды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, кез-келген деректерді жіберу арналары бойынша арнайы ұсыныстар, акциялар туралы жарнамалық және ақпараттық хабарламалар, бағалар туралы ақпаратты жіберу;

6. Компанияның немесе оның серіктестерінің веб-сайттарын пайдалануға байланысты қиындықтар туындаған жағадайда клиенттік және техникалық қолдау;

7. дербес деректер базасын жүргізу;

8. Компанияның өнімдері мен қызметтерін алға жылжытуға байланысты маркетингтік іс-шараларды, акцияларды, презентацияларды өткізу;

9. маркетингтік және қоғамдық мақсаттар үшiн;

10. клиенттердің Компания қызметімен қанағаттануын зерттеу;

11. компанияның коммерциялық және коммерциялық емес қызметін жүзеге асыру үшін басқа да мақсаттар.

Мен жинау мен өңдеуге жинау, жүйелеу, сақтау, нақтылау, жаңарту, жинақтау, мұрағаттау, өзгерту, пайдалану, тарату, иесіздендіру, жою, дербес деректерді трансшекаралық беру және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін дербес деректерді беру, өңдеу, сақтаудың өзге де әрекеттері мен әдістерін қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, деректермен жұмыс бойынша кез-келген әрекеттердің кіретіні туралы хабардармын.

Мен дербес деректерге тегі, аты, әкесінің аты; туған күні; жынысы; жасы; жеке куәлік/төлқұжат деректері; тіркелген мекен-жайы/тұрғылықты мекен-жайы; электрондық пошта мекенжайы; ұялы, үй және басқа телефон нөмірлері; тапсырыс тарихы; тапсырысты веб сайт/ауызша/телефон арқылы, Компанияның немесе оның серіктестерінің веб-сайтында беру кезінде немесе Компанияның және оның серіктестіктерінің мейрамханаларында және тамақтану орындарында жасалған тапсырыс кезінде толтырылған деректер; төлем картасының шифрланған және кез-келген деректері; әлеуметтік желілердің аккаунттары; мен туралы және маған қатысты басқа да мәліметтер, сондай-ақ болашақта Компания мен туралы алатын дербес деректерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, дерекетердің кіретіні туралы хабардармын.

Мен электрондық пошта/e-mail, SMS-хабарламалар, push-хабарландыруларды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, әртүрлі байланыс арналары арқылы жарнамалық және ақпараттық хабарламалар алуға келесімімді беремін.

Мен «Додо Казахстан» ЖШС-не жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы келісімді кері қайтарып алуға мүмкін екендігі туралы ескертілдім және келісемін.